Сенаторлар Ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы шартты қарады

0
793

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар ақшаны заңдастыру мен жылыстатуға қарсы іс-қимылға қатысты заң жобаларын талқылады.

«2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» бірінші заң жобасы шарт ережелерін жүзеге асыруға және оны ЕАЭО аясындағы басқа да салалық шарттармен сәйкестендіруді көздейді.

Құжат осы саладағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді деп күтілуде.

«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы өз кезегінде, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің шекарасы арқылы адамдардың ақшалай қаражатының қозғалысы бойынша ақпараттық өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған.

Заң жобасы кедендік декларацияда көрсетілген ақшаны немесе ақша құралдарын өткізетін жеке тұлғалар туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл Капиталдың заңсыз әкетілуіне жол бермеу туралы шартқа қатысушыларға қойылатын бірыңғай талаптарды және оған қарсы іс-қимыл тетіктерін анықтауға, сондай-ақ ЕАЭО елдерінде капиталды заңсыз шығарудың алдын алу бойынша жұмысты күшейтуге көмектеседі.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заң жобасын Палата отырысының қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here