Пойызда жоғарғы орындарға арналған билет құны арзандайды

0
604

Ұлттық тасымалдаушы пойыздағы жоғарғы және төменгі орындар билеттер құнына сараланған тәсіл енгізеді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Баспасөз қызметі хабарлады.

Пилоттық режимде «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпанға дейін жөнелтілетін  коммерциялық пойыздар вагондарындағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20%-ды құрайды.

«Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады», – делінген хабарламада.

Сараланған тәсіл келесі жолаушылар пойыздарында қолданылады:

  • №111/112 «Алматы – Маңғыстау»;
  • №51/52 «Алматы – Орал»;
  • №105/106 «Алматы-Петропавл»;
  • №71/72 «Астана-Шымкент»;
  • №29/30 «Алматы-Атырау».

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here