Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары Қарағандыға барды

0
409

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері өңірлерде сайлаушылармен кездесуді жалғастырып жатыр. Кеше кандидаттың жақтастары Қарағандыға барып, өңірдің бизнес-қауымдастығымен, шахтерлерімен және студент жастарымен кездесті.

Қарағанды облысының кәсіпкерлерімен әңгімелесу кезінде РҚШ мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан ұлттық экономиканы дамыту және жеке бизнесті ынталандыру жөніндегі басымдықтарды талқылады.

Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, сарапшылар, журналистер кіретін РҚШ мүшелері өңірлерде кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндіріп, іс-шараларды белсенді өткізіп жатқанын атап өтті. Үгіт-насихат науқанының алғашқы күндері ел аумағында 5 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы ұйымдастырылды.

РҚШ мүшелері Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттерімен және оқытушы-профессорлар құрамымен кездесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға және білім беруге қатысты саясатына баса назар аударды.

Бұдан соң, РҚШ мүшелері «Казахстанская» шахтасының кенжарына түсіп, кеншілерге кандидаттың еңбек адамын қолдауға және өндірістердегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған негізгі басымдықтары туралы түсіндірді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here