Осы күзде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» заңы күшіне енді.
Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Дүйсебайұлының айтуынша, аталған түзетулерде көлікті екінші рет мемлекеттік нөмірсіз жүргізген адамға әкімшілік жауапкершіліктің жаңа құрамы қарастырылған. Онда 20 АЕК (61 260 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде өндіріп алу немесе көлік басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыру көзделген.
«Жалған мемлекеттік нөмірлері бар көлік құралын басқарғандар үшін де жауапкершілік күшейтілді. Айыппұл түріндегі жаза алынып тасталды. Енді аталған құқық бұзушылық үшін тек бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру және бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қолданылады», – деп түсіндірді Жандос Мұратәлиев.
Сонымен қатар, бір жыл ішінде бес реттен көп қала сыртындағы трассаларда «орташа жылдамдықты» арттырған тұлғалар айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігінен айырылады.
Айта кетейік, елімізде жол апатынан күн сайын шамамен 10-ға жуық адам қаза тауып, 70-ке жуық адам түрлі дене жарақатын алады. Мысалы, жарты жылда жолда 700-ден астам адам қаза тауып, 7 мыңға жуық азамат жарақат алған.