12 қараша күні Иордания астанасы Амманда мәресіне жеткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Команда қоржынында 21 жүлде бар, соның алтауы – алтын, жетеуі – күміс, сегізі – қола медаль. Ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (48 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Айбек Оралбай (92 келі), әйелдер арасында Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) Азия чемпионы атанды.