Балалар үшін тең мүмкіндіктер әлемі

0
595

Астанада ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры арасында меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Арман Асенов пен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорының басшысы Нұргүл Үлжекова қол қойды. Аталған шараға Қарулы күштер әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет бастықтары қатысты.

– Біз алдағы уақытта сіздердің қормен балаларға қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыру, олардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жемісті ынтымақтастыққа қол жеткізетінімізге үміттіміз. Меморандумға қол қою әскери қызметшілердің балаларының мүдделерін қолдаудағы бірлескен жұмыстар үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз, – деді Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Асенов.

Естеріңізге сала кетейік, аталған қор еліміздегі ерекше қажеттілігі бар балалар арасында спортты ілгерілетіп, дамытумен, бейімделген дене шынықтыру мамандарын даярлаумен және арнайы оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеумен айналысады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here