«Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынған кандидат Мейрам Қажыкен сайлауда алты кандидаттың ішінен соңғы болып дауыс берді.
Канидат өз таңдауын жасау үшін Астанадағы №66 мектеп-лицейде орналасқан №113 сайлау учаскесіне сағат 11.04-те жұбайымен және қызымен бірге келді.
Айта кетейік, кандидаттар арасында бірінші болып таңдауын таңғы сағат 7:00-де Астана қаласындағы Түркістан көшесінде орналасқан №396 сайлау учаскесіне барған Жигули Дайрабаев жасады. Сонымен, президент болуға ниетті барлық кандидат сайлауда дауыс берді.