«Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған кандидат Қарақат Әбден Астанадағы 38-ші көше бойындағы №135 сайлау учаскесіне сағат 8:20-да барып, өз таңдауын жасады. Кандидаттың қасында ата-анасы болды.
Айта кетейік, Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Бұл сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова, Нұрлан Әуесбаев кандидат ретінде тіркелді.