Қазақтың көне баспасөзін томдарға тоғыстырған ғалым

0
690

Мерзімді баспасөздің әліппесі болған «Қазақ», «Сарыарқа» газеттері мен «Айқап» журналы енді оқырманға қолжетімді. Ғалымдарымыз көне басылымдарды томдарға тоғыстырып, төте жазу қарпін кирилицияға тәржімалады. Себебі, араб қарпі жас ғалымдар мен оқырманға түсініксіз. Оған қоса ақтаңдақ жылдары жарық көрген газет-журналдардың көптеген саны сақталмаған. Зерттеушілеріміз олқылықтың орнын толтырып, сүбелі дүние жазып шықты. Нақтырақ айтсақ, 1913-1918 жылдары жарық көрген «Қазақ» газеті 7 том болыпты. «Айқап» журналының 88 саны 2 том болып басылды. Ал, 1917-1919 жылдары шығып тұрған «Сарыарқа» газетінің кейбір сандары шет елдің мұрағатынан табылыпты. Бұл «Шерлі шежіре» бағдарламасы аясында 30 том дайындалған. Олар үш жыл ішінде толықтырылып, оқырманға ұсынылады.

«Мұраны тапқаннан кейін оны халыққа жеткізу бар. Оны мамандарға жеткізу бар, халыққа жеткізу тағы бар. Оны жаңағы транскрипция дейді, транслитерация дейді. Енді жан-жағы ғылым ретінде қарауға болады. Біз сол екеуінің ортасын ұстауға тырыстық. Оны енді әріп-әріп күйінде сөзді өзгертпей қолданып, жаңағыдай жеткізу бар да. Енді ол ғылым үшін пайдалы. Сол кезде бір сөз қалай айтылды, қалай қолданылды деген сияқты оның формасын сақтау, айтылуын сақтау, жазылуын сақтап жеткізу бар. Біздің бастамамызды қолдап, қол ұшын созған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының басшысы әрі «Алаш Орда» баспасының директоры Сұлтанхан Аққұлұлына зор ризашылығымызды білдіремін», – дейді филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес.

Ғылым саласында еңбек етіп жүрген ғалымдарды әрқашан ынталандыру қажет. Соның ішінде Алаш тақырыбын, репрессия мен ашаршылық тақырыбын зерттеп жүрген ғалымдар мен зерттеушілерді. Бұл туралы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан болатын. Төл тарихымызды тереңнен тартып түгендеу, тарихи ақтаңдақтарды ақтап алу, олардың есімдерін жаңғырту жолында атқарылар жұмыстар көп. Болашақ ұрпақ қуана оқып қауышатын болады.

ИНДИРА БІРЖАНСАЛ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here