Қазақстанның Бішкек қаласындағы дипломатиялық өкілдігі жанындағы сайлау учаскесінде жергілікті уақытпен сағат 17:00-дегі жағдай бойынша 162 қазақстандық дауыс беріп, сайлауға қатысу 100 пайызды құрады. Бұл туралы Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігі хабарлады.
Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігіндегі сайлаушылар тізіміне 160 адам тіркелген. Бұл ретте дауыс берген азаматтардың арасында негізгі сайлаушылардың негізгі тізіміне ілікпей қалған қандастарымыз да көптеп тіркелді. Алғашқылардың қатарында сол күні Бішкекте оқу-жаттығу жиынында жүрген жас спортшылар да болды. Сондай-ақ, осы елде тұрақты және уақытша қызметтік, туристік және жеке мақсатта жүрген азаматтар, студенттер де сайлауға белсенділік танытты.