Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Нұржан Нұрсипатов НАТО Парламенттік Ассамблеясының 68-ші жыл сайынғы сессиясының жұмысына қатысты.
Сенатор Демократия және қауіпсіздік комитетінің отырысында киберқауіпсіздікті күшейту, киберқауіптерден қорғау және гуманитарлық сипаттағы мәселелерді талқылады.
Экономика және қауіпсіздік комитетінің отырысында сыбайлас жемқорлыққа, өнеркәсіптің негізгі салалары мен жеткізу тізбектерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер қаралды. Сонымен Депутат ғылым және технологиялар комитетінің отырысына да қатысты. Онда климаттың өзгеруі, халықаралық қауіпсіздік және климаттың өзгеруіне бейімделудегі технологиялардың рөлі тақырыптары көтерілді.