«Банк ЦентрКредит» АҚ бастапқы жарнасыз ипотеканы іске қосты. Оны алу үшін қосымша жылжымайтын мүлікті кепілге қою міндетті. Басқа біреудің атындағы пәтер немесе жеке үй де кепілзатқа қабылдана береді және үйдің локациясына шектеу қойылмайды. Мәселен, ипотека Астанадағы пәтерге рәсімделсе, кепілзатқа Қазақстанның басқа аймағындағы баспананы ұсынуға болады.
Ипотеканың негізгі шарты:
- шекті сомасы – 100 млн теңге;
- мөлшерлемесі ипотеканың мерзіміне қарай есептеледі (10 жыл – 17%, 15 жыл – 18,5%).
Кез келген облыстағы жылжымайтын мүлікке ипотека рәсімдеуге болады. Жаңа үйге де, қолданыстағы үйге де несие беріледі. Дегенмен, бірқатар талап қойылады. Атап айтқанда, ипотека рәсімдейтін адамның жасы 60-тан аспауы, кепілге қойылатын баспананың салынғанына 50 жылдан көп болмауы және оның ипотека сомасының 20 пайызынан кем болмауы керек.