Күзде колледж студенттерінің шәкіртақысы артады 

0
1056

Биыл 1 қыркүйектен бастап елімізде колледж студенттерінің шәкіртақысын арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған Үкімет қаулысына енгізілетін өзгертулер жобасында белгілі болды.

Атап айтқанда:

  • техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 (қазір 21 787) теңге;
  • техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 31 422 (қазір 20 948) теңге шәкіртақы төленеді.

Шәкіртақы мөлшерін арттыру бойынша қаражат көлемін республикалық бюджет комиссиясы қолдаған. 

«Жалпы шәкіртақы мөлшерін ұлғайту ел жастары үшін техникалық және кәсіптік білім берудің тартымдылығын едәуір арттырады, колледж студенттерінің әлеуметтік жағдайын жақсартады және техникалық, кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау сапасының артуына әсерін тигізеді» делінген қаулының түсіндірме жазбасында.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here