Кеше, 27 сәуірде Абай университетінде білімге, жаңа технологияларға қызығушылық танытқандарды бейжай қалдырмайтын іс-шара өтті. Бұл информатика және робототехника пәні мұғалімдерін дайындайтын қазақстандық педагогикалық жоғары оқу орындары оқытушыларының басқосуында нағыз жаңа форматтағы іс-шара болды. Кездесудің мақсаты – қарым-қатынас, пікірталас, тәжірибе алмасу. World Cafe форматында программалауды оқыту, білім беру робототехникасы, дарынды оқушылармен жұмыс, олимпиада ұйымдастыру және STEAM техникалық шығармашылыққа қатысты мәселелер талқыланды.
Қарастырылған тақырыптар қазіргі уақытта өте өзекті, өйткені білім мен технологияның біздің өміріміздегі маңызы күн сайын арта түсуде. Қазіргі әлем бізден үнемі білім алуды және дамуды талап етеді, ал жаңа технологиялар оқу мен жұмыс процесін жақсартуға және жылдамдатуға көмектеседі. Сондықтан осы екі тақырыпты біріктіретін шара осы салалардағы соңғы трендтер мен жетістіктерден хабардар болғысы келетіндердің барлығы үшін өте өзекті және қызықты.
Кездесу динамикалық стильде өтті, бұл қатысушыларға өзекті тақырыптарды талқылауға ғана емес, сонымен қатар өз тәжірибелері мен идеяларымен бөлісуге мүмкіндік берді.
Кездесуге педагогикалық жолын енді бастап жатқан жас ұстаздар да, тәжірибелі сарапшылар мен ғалымдар да қатысты. Жас ұстаздар аға әріптестерінен құнды тәжірибе мен білім ала алады, сондай-ақ өз идеялары мен тәсілдерімен алмаса алды. Осылайша, бұл кездесу білім саласындағы түрлі санаттағы мамандардың тәжірибе және білім алмасу алаңы болды.
Білім берудегі соңғы тенденциялардан қалыс қалмай, әріптестерімен тәжірибе алмасқысы келгендерге арналды.
Шараны ұйымдастырушылар – Абай университеті Математика, физика және информатика институтының информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы.
World Cafe іс-шарасына Шәкәрім университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Алматы қаласының №92 М.Ганди атындағы физика-математика лицейі қатысты.