Абай шығармаларындағы дінге көзқарас

0
3302

Абай Құнанбайұлы – қазақтың ұлы ақыны, дарасы, данышпаны. Абай өмір сүрген дәуірде халықта оқуға мүмкіндік болмады. Тек қана ауқатты адамдар мешіт-медресе салдырып, ауыл молдасынан хат танытып, бала оқытқан. Ал, қарапайым халық болса, бір сөзбен айтқанда, қараңғылықтан көзін ашпады.

Жалпы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармасындағы дін туралы көзқарастарына тоқталып өтсек. Абай Құнанбаев өз шығармаларында, қара сөздерінде, дінге, діни сауаттылыққа көп назар аударды. Ол өз заманындағы дінбасылар мен діни надандықты сынады. Яғни, Абай атамызды “сыншыл кісі” десек те болады. Сонымен қатар, ақын үшін иман дегеніміз – жай ғана сенім емес. Себебі, мұсылманның бес парызы бар екеніне, сол бес парыздың ең бастысы – Алланың бар екендігіне және де Құран кітабына, оның сөзіне сенуі.

Ақынның мақсаты – халықты діни сауаттылыққа, адамгершілікке, сенімге, имандылыққа шақыру. Абайдың қайсы бір қара сөзін я болмаса қара сөздерін алсақ та негізгі ой-түйін осы болды десек те болады. Мәселен, ақын шығармаларынан «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Абыралыға», «Көзінен басқа ойы жоқ», «Алла деген сөз жеңіл», «Жалын мен оттан жаралып», «Шын илан да, таза ойла бір иманды», «Ойлан дағы үшеуін таратып бақ» сынды тағы басқа өлеңдері бар. Енді осы өлеңдеріне көз жүгіртсек.

Ақынның “Абыралыға” өлеңінде:
”Мен жасымнан көп көрдім,
Мұсылманды, кәпірді,
Абыралыдай көрмедім,
Намаз білмес пақырды…” деген өлең шумақтарынан-ақ қандай дінге жақын адам болғаны байқалады.

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өленінде имандылық деңгейі талқыланған. Және де адамзат өзгергенмен, Алла өзгермейді делінеді. Сонымен бірге, адамзатты махаббатпен жаратқан Алланы сенде сүй және оның хақ жолы әділетті. Қағидасы, яғни негізгі ереже мағынасы, шарты өзгерсе де, оның тагрифы өзгермейді. Демек, түсінуі, білуі, анықтауы еш өзгермейді.

Келесі өлең жолдары «Ойландағы үшеуінің таратып бақ». Бұл жерде шындық, сенім бұл хаттың жосы делінеді. Ал, осыларды бұзатын пайда, мақтан, әуесқой үшеуі делінеді. Ал осыларды жеңетін төрт іс бар. Яғни, олар руза, намаз, зекет, хаж. Осы төртеу негізгі жеміс делінеді. Алла мінсіз, пайғамбар хақ, құран рас, ол Алланың сөзі делінеді. Пайда, мақтан, әуесқой- шайтан ісі делінеді. Егерде ең әуелі ислам дінін жақтаушы мұсылман болса, әрбір пендеге иман өзі жол ашады делінеді. Жалпы өлең шумақтарынан осыны ұға аламыз.

Дара ақын сонымен бірге өз қара сөздерінде де дін, имандылыққа шақырған. Ақынның жалпы 42 қарасөзі бар. Соның ішінде «он сегізінші», «отыз сегізінші», «жиырма сегізінші» қара сөздерінен көре аламыз. Бұл қара сөздерінде халықты имандылыққа, адамгершілікке ден қойған. Мәселен «он үшінші» қара сөзінде иманға сипаттама берілген. Қара сөздерінде ғибратты діни ойлар айтылған. Жалпы, Абайдың қара сөздері – көркемдік, әлеуметтік, дінге көзқарастары осы еңбегінде терең бөлінген десек болады. Ақын негізінен көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастыра білген.

Ақынның пікірінше, адамның парызы – намаз оқу, ораза ұстау, қажылыққа бару болып саналады. Яғни, бұл адамдардың ең үлкен парызы болып есептелінеді. Ұлы ақынның діни көзқарастарынан жалпы осыларды ұға аламыз. Яғни, Абай Құнанбайұлы шығармаларының негізгі мақсаты – халықты имандылыққа, діни сауаттылыққа, адамгершілікке шақыру. “Қайран елім қазағым, қайран жұртым” деп халқына шын жаны ашыған ұлы да, дара тұлғамыз – Абай Құнанбайұлы. Ол артынан өшпестей із қалдырды…

Сеитнұр Аяжан,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дінтану мамандығының 2-курс студенті;
Филос. ғ.к.  Кантарбаева Ж.У.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here