Елордада Алаш арыстарына ескерткіш орнатылды

0
999

«Мемлекеттігі жоқ халық жетім әрі жетекшіл халық». Әлихан Бөкейхандар армандаған азаттыққа ұрпақтарының қолы жетіп, биыл тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Отыз жылдық қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының «Қаламгерлер» аллеясында Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхан және Міржақып Дулатовқа арналған ескерткіш ашылды. Ашылу салтанатына Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы қатысқанын жазды Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин өзінің Facebook парақшасында.

Иә, бұл сүйінші сұрайтындай-ақ жаңалық! Себебі, бұл қоғам белсенділерінің және ұлт жанашырларының, қала берді бүкіл қазақ халқының көптен бергі арманы еді. Ақыры Алаш қайраткерлері алдындағы бір борышымызды осылай орындадық.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here