Аудан әкімі ауылдарды аралады

0
1252

Бүгінде Алакөл ауданында белгіленген жоспарлы жұмыстар уақытылы орындалу үстінде. Осыған орай, аудан әкімі А.Абдинов ауданның таулы аймақтары Лепсі, Ақжар, Тоқжайлау, Үшбұлақ ауылдық округтерінің тыныс-тіршілігін бақылап қайтты. Өңір басшысы жұмыс барысын Лепсі ауылындағы «СНП 306» ЖШС-нің күрделі жөндеуден өтіп жатқан көпір жұмыстарымен бастады.

Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарына қажетті материал бағаларының өсуіне байланысты, жобалық сметалық құжаттамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін арнайы хабарлама жолданған. Қазіргі таңда, тапсырыс беруші облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары тарапынан сметалық құжаттамалары қайта қаралуда. Күз мезгілінде су арнасының толуына байланысты, аудан басшысы мердігер мекеме «СНП 306» ЖШС-нің бас инженеріне аталған көпірді су шайып кетпеу мақсатында айналма жолды бақылауға алып, шешу жолдарын назардан тыс қалдырмауды тапсырды.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың: «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында спорт саласын дамытуға басты назар аударғаны белгілі. Бүгінде осы мақсатта ауданда жаңа нысандар қатары көбеюде. Олардың бірі де бірегейі Лепсі ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешені. Аудан әкімі аталған кешеннің қазіргі жұмыс қарқының бақылап, мердігер мекеме «Дәулет – Серпін 603» ЖШС-нің басшылығының ой – пікірін тыңдап, құрылыс – монтаж жұмыстарынан хабардар болды. Жалпы, құрылыс нысанында 7 техника, 12 адам жұмыс атқаруда. Жаңа нысанда спортшыларға қазақ күресі, еркін күрес, дзюдо және боксқа арналған залдар бой көтеріп, алдағы уақытта 150 бала білім алатын болады. Нысанның ерекшелігі еліміз бен шетел спортшыларын қабылдауға мүмкіндігі мол болмақ.

Сонымен қатар, аудан басшысы мал азығын, әсіресе пішіндеме дайындау бойынша ауданымыздың көшін бастап отырған «Жазылбеков и К» сенім серітестігінің жұмысымен танысты. Бүгінгі күні 4160 га егістік жер толығымен игерілген. Оның 1160 га – арпа, 1000 га – жаздық бидай және 1500 га – күздік бидай. Үстіміздегі жылы 1200 га күздік бидайға жер жыртылып, әзірленуде. Жалпы, дала жұмыстарына 15 техника жұмылдырылса, 60-қа жуық адам қызмет етуде. Ал, жем-шөпке келер болсақ, жоспар бойынша 7000 мың тоннаның 3000 мың тоннасы орындалса, қалған тоннасы игерілу үстінде. Өңір басшысы сенім серіктестігінің директоры А.Жазылбековтың ой – пікірін тыңдап, алдағы жұмыс науқанына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Тоқжайлау ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жұмыс барысымен танысты. Қазіргі таңда өндірістік кооператив 5000 гектардан астам жерді игеруде. Атап айтсақ, 4300 га – дәнді-дақыл, 3500 га – жаздық арпа, 800 га – жаздық бидай, 107 га – бір жылдық және 452 га – көп жылдық шөп болса, 48 га – алма бағы. Бүгінде жаздық арпа дәндері шабылып, мол өнім алынуда. Сондай – ақ, қыстық мал азығын дайындау бойынша 1200 тн – табиғи шөп, 2270 тн – пішіндеме және 700 тн – сүрлем дайындалған. Аудан әкімі Тоқжайлау ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы А.Бабичевтің пікірін тыңдап, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Артынша, облыстық маңызы бар аудан аумағындағы Қабанбай – Көктұма тас жолының 44 те 58, 64 те 97 шақырым аралығындағы орта жөндеу жұмыстарын бақылады. Бүгінгі уақытта аталған тас жолының 44 те 58 шақырым аралығына асфальт төселіп, жол белгілерін орнату, жол сызықшаларын сызу жұмыстары атқарылуда. Ал, 64 те 97 шақырым аралығында 20 шақырымға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша тас жолының 64 те 97 шақырым аралығына жол сызықшалары мен жол белгілерін орнату жұмыстары қарастырылған. Аталған тас жолын ағымдағы жылдың қазан аяқтап, қолданысқа беру жоспарлануда.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here