Дархан Біләлов: «Жазғы мектеп педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттырды»

0
2683

Бүгін, 3 қыркүйекте «Абай атындағы ҚазҰПУ» Басқарма төрағасы – ректор Дархан Біләлов өзінің Facebook парақшасында білім беру жүйесіндегі цифрландыру үрдісінің өзі басқарып отырған еліміздің тұңғыш университетінде қалай жүзеге асып жатқанына тоқталды.

«Цифрландыру бүгінде білім берудің барлық саласын қамтиды. Педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыру – blended learning (аралас оқыту) форматындағы негізгі мәселелердің бірі. Ағымдағы жылдың тамыз айының соңында Абай университетінің Тестілеу орталығы 180-ге жуық оқытушыларымыздың қатысуымен «Цифрлық педагог» онлайн Жазғы мектебін өткізді», – деп жазды Дархан Нұрланұлы.

Ректордың мәліметінше, педагогикалық дизайн негізінде оқу бағдарламаларын әзірлеу, жаңа сабақтардың үлгілері: онлайн-дәрістер, офлайн-дәрістер, оқыту әдістері, цифрлық ресурстарды іріктеу, бақылау және бағалау, интерактивті тапсырмалар сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Көптеген онлайн-платформалар қолданылды: MS Teams, Oqylyq, YouTube, Wordwall, Мentimeter, Google it, VirtualLab, Merlot.

«Жобаларды бағалау қорытындысы бойынша әр топ жұмыстардың ерекшеліктеріне сәйкес «Идеялар генераторы», «Цифрлық тәлімгер», «Цифрлық кеңесші», «Цифрлық әдіскер» және т.б. номинацияларға ие болды. Жазғы мектеп педагогтардың цифрлық сауаттылығын айтарлықтай арттырды. Бұл біздің сала қызметкерлері үшін, әсіресе экономиканың барлық салаларын жаппай цифрландыру жағдайында өте қажет. Менің ойымша, бұл бастаманың басқа білім беру мекемелеріне, соның ішінде мектептерге ауқымын кеңейту әлеуеті жоғары», – деп нақтылады Дархан Нұрланұлы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here