Жеке кәсіпкер Шалқар – Торғай – Нұр-Сұлтан бағытында велосаяхатқа шықты

0
585

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Бейнеу ауданының меценаты, жеке кәсіпкер Борашев Рәббім Байбозұлы Шалқар – Торғай – Нұр-Сұлтан бағытында велосаяхатқа шықты. Бейнеу ауылындағы Әли Балта Палуан атындағы Орталық стадионда Рәббім Байбозұлын шығарып салу шарасы өтті.

Шараға «Nur Otan» партиясы Бейнеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жолышов Тұралы Ботақараұлы, аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Божанов Ынтымақ Демократұлы мен жастар қатысты.

«Рәббім ағамыз әрқашан жақсы бастамалардың басында жүреді. Бұл ісіде жастарды спортпен шұғылдануға мотивация беретіні анық. Алдағы бастамаңызға сәттілік тілеймін. Нұр-Сұлтан қаласына аман-есен жетіңіз. Жолыңыз ашық болсын», – деп өз тілегін жеткізді Тұралы Ботақараұлы.

Шара соңында Рәббім Байбозұлы сөз алып, шығарып салушы жастарға өз ризашылығын білдірді.

Жалпы Борашев Рәббім велосаяхатты өткен жылы бастап, осы мақсатта Бейнеу – Шалқар бағытында жүріп, карантиндік талаптарға сәйкес тоқтатқан болатын.

Сонымен қатар, өткен жылы Бекет Атаның 270 жылдығына орай Тәжен-Бейнеу-Отпантау бағытында 420 шақырым және Бекет Атаның төрт мешітінің бағыттары бойынша 850 шақырым велосаяхат жасаған еді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here