Президент пәрменімен 35 қандасымыз Ауғанстаннан Қазақстанға оралды

0
784

«Әр қазақ менің жалғызым» деген бір ауыз сөзімен-ақ тұтас ұлттың жүрегіндегі дүниені дөп басқан Сабыр Адайдың сөзі бүгін тағы ойға оралды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен кеше Ауғанстаннан 35 қандасымыз тарихи Отанына оралды. Болашағы бұлыңғырлана түскен елден қандастарды қайтару жұмыстары жалғасады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы Кабулдан Алматы қаласының әуежайына 41 жолаушымен ұшып келді, олардың ішінде Қазақстанның 4 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы және Қазақстанда тұрақты тұратын 1 ауған бар. Келген жолаушылар карантиннен өту үшін уақытша оқшауланады.

Эвакуациялық рейсті ұйымдастыру «Талибан» қозғалысымен үйлестіріліп жүзеге асырылды.
Қазақстанның Кабулдағы Елшілігі қалыпты режимде жұмыс істейді және Ауғанстанда тұратын қандастармен тұрақты байланыста. Өтініш берушілердің этникалық сәйкестігін растау және қандастарды қайтару жұмыстары жалғасуда.

Бұған дейін хабарланғандай, 18 тамызда Қазақстан Ауғанстаннан өзінің 25 азаматын және Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын эвакуациялады. Бұдан басқа, Алматыға Кабулдан Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясы (UNAMA) және басқа да халықаралық ұйымдардың кеңселері уақытша көшірілді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here