Тілектес Есполов азық-түлік бағасын түсірудің төте жолын айтты

0
1136

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Тілектес Есполов өзінің Facebook парақшасында Қазақстан халқына Жолдау аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы – халқымызды азық-түлікпен қамтамасыз ете алатын кешенді сала екенін атап өткенін, еліміздегі бәсекеге қабілетті экспортқа бейімделген агроөнімдердің көлемін арттыруды тапсырғанын, ол үшін азық-түлік тауарларының бағасын тиімді белгілеу және тамақ өнімдерін бөліп-тарату орталықтарындағы жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру қажеттігін жазды.

«Азық-түлік бағасын түсірудің төте жолының бірі – олардың сортын жақсартып, өнімділігін арттыру. Бүгінгі күні пандемияның зардабына қарамастан Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті АӨК бірлесіп, өздерінің алға қойған мақсаттары мен бастамаларын жемісті жүзеге асырып келеді. Мысалы, ҚазҰАЗУ-дың Агротехнологиялық паркінде ғалымдар ауыл шаруашылығы дақылдарының 15 түрі бойынша шетелдік және отандық селекцияның 100-ден астам жоғары өнімді сорттарын зерттеп, заманауи технологиялардың техникалық мүмкіндіктері пысықталуда. Көкөніс шаруашылығы бойынша ғылыми стационар жұмыс істейді, онда картоптың 10 сұрпы мен көкөніс-бақша дақылдарының 25 сұрпы зерттелді. Экологиялық сортты сынау питомнигі салынды, онда картоптың 8 және қызанақтың 4 жаңа түрі экономикалық және құнды белгілері бойынша бағаланды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі республикалық мемлекеттік комиссияға картоптың, қызанақтың, тәтті бұрыштың, салаттың 5 жаңа сорты берілді. Жаңа селекциялық жетістіктерге патенттер алуға 5 өтінім берілді. Жеміс және жидек дақылдарының сегіз түрінің 46 сорты отырғызылған Қазақстан-Нидерланды қарқынды бағында барлық агротехникалық іс-шаралар жүргізілді. Биыл алғашқы өнім алынды. Жыл бойы университет ғалымдары голландиялық мамандармен бірлесіп, еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін бау-бақшаның 7 бағыты бойынша 10 вебинар өткізді», – деп жазды академик.

Тілектес Исабайұлының жазуынша, университеттің Агротехнопаркінде 1,5 га алаңда «ақылды» жылыжайдың құрылысы аяқталуға жақын. Өндірістік қуаты – 400-450 тонна көкөніс пен жидек. Университет ҚР АШМ он ғылыми-зерттеу институтымен және «Байсерке-Агро» агрохолдингімен үш жақты шарт негізінде аграрлық білім беруді, ғылымды және өндірісті интеграциялау шеңберінде жүйелі жұмыс жүргізуде. Өткен оқу жылында 700-ден астам білім алушы 7 айға дейінгі мерзімге практиканың барлық түрлерінен өтті. «Байсерке-Агро» агрохолдингіндегі ауданы 650 га болатын демонстрациялық алаңда бір гектардан 648 центнер күздік тритикале, 676 центнер күздік рапс, 620 центнер аралас егілген бұршақ пен сұлы және т.б. жасыл масса алынды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here