Райымбек ауданында тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

0
376

Райымбек ауданының Сарыжаз ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары аясында «Біздің туымыз – Тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік»атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

Іс-шара барысында облыстың жетістіктері, қорытындылары мен перспективалары, Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік – экономикалық даму, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлі мәселелері талқыланды.

Игі бастаманы ұйымдастырушылар –  Райымбек ауданының ішкі саясат бөлімі болып табылады. Шараға аналар кеңесінің төрағасы, ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here