Оралда аймақтық V «JAIYQ SAZY» дәстүрлі өнер фестивалі өтті

0
1978

Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ақжайық» телеарнасының бірлесуімен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қала күні мерекесі аясында Жайық өзенінің жағалауында Аймақтық V «JAIYQ SAZY» дәстүрлі өнер фестивалі өткізілді.

Шараның мақсаты – дәстүрлі ән, күй, өнерін насихаттау арқылы ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, қазақ халқының рухани байлығы дәстүрлі өнерді келешек ұрпаққа жеткізу, дәстүрлі ән мен күй өнерін кеңінен тарату, шығармашылық тәжірибе алмасу болып табылады.

Аймақтық V «JAIYQ SAZY» дәстүрлі өнер фестивалінде қазақ халқының рухани жәдігерлерінің ішінде мақтаныш етер бай мұрасының бірі – талай ғасыр сүзгісінен өтіп бүгінге жеткен дәстүрлі өнерді дәріптеп, тек елімізде ғана емес, шет мемлекеттерде де қазақ әуенін көне аспаптармен асқан шеберлікпен орындап, мәдениетке жаңаша көзбен қарап, өздерін көрсетіп жүрген фольклорлық ұжымдар және дәстүрлі жеке орындаушылар өнер көрсетті.

Атап айтсақ фестивальге Республикалық, Халықаралық байқаулардың лауреаты «Орал сазы» фольклорлық ансамблі /жетекшісі Асқар Кенжеғалиев/, ҚР Мәдениет саласының үздігі Майра Хайдарова, Республикалық, Халықаралық жыршы – термешілер байқауларының лауреаты Фархат Оразов, «Мәдениет саласының үздігі», Құрмет орденінің иегері, әнші – термеші Қайрат Кәкімов, Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаты Жарас Сатыбалдиев, ән падишасы Мұхит Мерәліұлындай аты аңызға айналған дара тұлғаның ән өлкесіндегі шоқтығы биік, ән дарабозы, қазақ елінің Айнамкөзі атанған, ҚР Еңбек сіңірген артисі Сәуле Таудаева, дәстүрлі ән мектебінің ізін жалғаушы, шәкірт тәрбиелеуші ұстаз, Халықаралық, Республикалық термешілер байқауларының лауреаты Бейбіт Қажығалиев, Халықаралық байқаулардың лауреаты Ақмарал Кемелханова, Жайықтың ерке қызы, жезтаңдай әнші, Халықаралық байқаулардың Гран – При иегері Күләш Қуанышқалиева, Ерен Еңбегі үшін медалінің иегері, дәстүрлі әнші Ернар Өмірәлі, Республикалық, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Жасұлан Зинеденов, Айжан Мұхамбетжанова, Кенесары Болғанбаев, «Оралым» фольклорлық ансамблінің әншісі Әділ Жалледенов, вокалды аспаптар ансамблінің әншілері Азат Кабиев, Рүстем Кереев, Аслан Зинеденов, «Оралым» фольклорлық ансамблі /жетекшісі «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Еркін Нұрымбетов/, сонымен қатар Ақтөбе қаласынан арнайы шақырулы қонақтар «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблі /көркемдік жетекшісі Халықаралық байқаулардың лауреаты Серік Закария/, Республикалық байқаулардың лауреаты Әділет Күзенбаев, Республикалық байқаулардың лауреаты Динара Шынарбаева, ҚР мәдениет саласының үздігі, Ақтөбе облысы күйшілер одағының төрағасы Талап Хамзин, Халықтық «Назерке» би ансамблі /жетекшілері Ақмарал Тасболатова, Мирзада Сүндетқалиева/, «Салтанат» би ансамблі /жетекшілері Бұлбұл Сапарғалиева, Мейрамгүл Танатова/, Х. Бөкеева атындағы қазақ драма театрының артисттері Жадыра Асқар, Жамбыл Заевтер қатынасты. Шараға қатысушылар ұлттық өнеріміздің майталмандарының озық шығармаларын көрермендерге тарту етті.

Шара соңында Орал қаласының әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков құттықтау сөз сөйлеп, дәстүрлі өнер фестиваліне қатысушыларға Алғыс хаттар табыстады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here