Алматыда «Алматы – қуаныш қаласы» фестивалі басталды

0
1221

Наурызбай ауданында орналасқан №157 жалпы білім беретін орта мектеп «Алматы – қуаныш қаласы» атты эстафетаны бастап отыр. Эстафетаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасыларға сый тарату.

Эстафетаны биыл ғана ұстаз атанған Анар Арынова ұсынып, қалған жас мұғалімдер тобы бірауыздан қолдаған. Олар аудандағы тұрмысы төмен 8 отбасыға азық-түлік салынған себеттерді өз қолымен дайындап, табыстады.

«Президентіміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қайырымдылық шараларға назар аудару керек екенін айқындап өткен болатын. Акция ауданымыздың 9 мектебінде жалғасын табатын болады», – деді жас мұғалім Анар Арынова.

«Аудан бойынша ең бірінші болып біздің мектептің жас мамандары бастады. Бүгінгі болатын іс-шараға 8 отбасын шақырдық. Келесі болатын іс-шараларға орындарын ауыстырып, шақырып отырамыз», – деді №157 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақжан Әбдіқадыр.

Білім ордасының осындай белсенді жастармен толығуы ұжым бірлігін арттырады дейді мектеп мұғалімдері. Игі бастама ата-аналар мен оқушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Олар өз кезегінде жас мамандарға алғыстарын жеткізді.

«№157 мектепте 3 балам оқиды. Бізді елеп, құрметтеп, сыйлап жатқаны үшін осы мектептің биыл келіп жатқан жас мамандарына алғысым шексіз», – дейді ата-ана Маржан Түйебаева.

Эстафетаны бірден-ақ №188 мектеп-гимназиясы жалғастырып кетті. Жас мамандар мүмкіндігі шектеулі оқушыларға планшет сыйлап, азық-түлік түрінде көмек көрсетті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here