44 нысанға 38 айға – 77,2 млн теңге: ҚазҰУ жыл сайынғы шығынды 20%-ға үнемдейді

0
1787

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 11 млрд. теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсы туралы БАҚ-та және әлеуметтік желілерде хабарлама мен пікірлердің жариялануына байланысты төмендегіні хабарлайды:

  1. Конкурс шарттарында 3 жылдан астам уақыт (38 ай) бойы ЖОО-ның 44 объектісіне, дәлірек айтқанда, алаңы 78,0 га 4 жер учаскесіндегі 16 жатақхана (100,0 мың м2), 24 оқу және әкімшілік ғимаратына (253,0 мың м2), сондай-ақ электрмен жабдықтау желілеріне – 12 қосалқы станция және 58 км.кабель, сумен жабдықтау мен жылыту (15,7 км) қызметтерін көрсету көзделген. Мұндай үлкен мүліктік кешеннің жұмыс істеуін қамтамасыз ету тиісті қаржылық шығындарды талап етеді.
  2. ЖОО-ның барлық инфрақұрылымын қамтамасыз ету жыл сайын 3,4 млрд.теңгені қажет етеді, бір объектіге есептегенде – орта есеппен 77,2 млн. тг. Оған 680 қызметкердің жалақысы, өрт сөндіру жүйелеріне қызмет көрсету, көгалдандыру, ағымдағы жөндеу, дезинфекциялау, мамандандырылған ұйымдардың қызметтері, кондиционерлер, лифтілерге қызмет көрсету, жинау техникасын жалға алу және т.б. шығыстар кіреді. Көрсетілген шығындар құны еліміздегі орташа бағаға сәйкес келеді.
  3. ҚазҰУ қызметінің басты бағыттары білікті кадрлар даярлау мен ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады. ЖОО-да 3000-ға жуық ОПҚ мен ғылыми қызметкерлер жұмыс істейді, 26000 студент оқиды. ҚазҰУ Жарғысында айқындалғандай, университет өзіне тән емес функцияларды орындамауы тиіс.
  4. Бүкіл әлемдегі табысты университеттер мен компаниялар қызметінің тәжірибесі кәсіпорын қызметінің бейінді емес түрлерін аутсорсингке берудің экономикалық тиімділігін дәлелдеп отыр. Шығыстарды оңтайландыру жөніндегі шараларды іске асыру ҚазҰУ-ға жыл сайынғы шығынды 20%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді және қызмет көрсету сапасын арттырады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here