Жәрмеңкеге 30-дан астам кәсіпкер мен 300-ден астам ауыл тұрғыны қатысты

0
1397

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, Ертіс ауылында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» әлеуметтік нарығының аумағында (Тамерлан нарығы маңында) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеде ауданның 12 ауыл және ауылдық округтерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, сондай-ақ өз өнімдерін нарықтық бағадан 10-15% – ға төмен бағамен ұсынды.

Сондай-ақ онда 2 тоннадай ауыл шаруашылығы өнімдері, оның ішінде: ет (сиыр еті, қой еті, жылқы еті, құс еті) және ет өнімдері (Шұжық өнімдері), май, жұмыртқа, сүт, қаймақ,
көкөністер сатылды.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Ертіс ауданының 30-дан астам кәсіпкері мен 300-ден астам ауыл тұрғыны қатысты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here