Таразда іскер әйелдер форумы өтті

0
409

Жыл сайын Жамбыл облысының Іскер әйелдер қауымдастығы «Еńbegі janǵan arular» облыстық әйелдер форумын өткізеді. Биыл ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Форумның басты мақсаты – жұмыс істейтін әйелдердің мәртебесін арттыру, оның жұмысын көрінетін және маңызды ету. Жамбыл облысындағы әйелдерді Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі іске асыру үшін ынталандыру, сондай-ақ Жамбыл облысындағы іскер әйелдер қауымдастығының тәжірибесін қайырымдылық және ағартушылық жобаларды іске асыратын табысты үкіметтік емес ұйым ретінде насихаттау болып табылады.

Форумға барлық аудандардан әйелдер қатысты. Форумға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Д.Кәрібек, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев, «Aulieata-media» медиахолдингінің директоры Нұрбек Бекенов, Жамбыл облысы әкімдігінің әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Зәуре Тұрғынова, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы өкілдері қатысты.

Форум соңында іскер әйелдер арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here