Су тасқыны: Жангелді ауданының Тәуіш ауылында 22 үйдің құрылысы аяқталды

0
1212

Қостанай облысы бойынша барлығы 1 283 үй зардап шекті, оның ішінде 468 үй қалпына келтіруге келмейді (153 – құрылыс, 315 – сатып алу) және 815 үйді жөндеу қажет. Бүгінгі таңда зардап шеккендер үшін 315 пәтер немесе қажетті санның 100% сатып алынды. 153 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Қостанай қаласы Қонай шағын ауданының 14 үйдің құрылысы толығымен аяқталды. Барлық үйлерге орталық сумен жабдықтау және кәріз жүйесі тартылған, сондай-ақ үйлер толығымен газдандырылған.

Қостанай ауданы Алтынсарин ауылында 21-ші үйдің құрылысы аяқталды, бұл жоспардың 100% құрайды.

Жангелді ауданының Тәуіш ауылында 22 үйдің құрылысы аяқталды, аумақты абаттандыру және асфальттау жұмыстары жүргізілуде.

Шілде айының соңына дейін Жангелдин және Амангелді аудандарында тағы 46 үйдің құрылысы аяқталады.

Арқалық қаласындағы 50 пәтерлі бес қабатты үйді аяқтау 25 қыркүйекке дейін жоспарлануда.

Автомобиль жолдарын қалпына келтіру бойынша барлығы 57 жол учаскесі зақымданды. Жолдардың 13 учаскесінде жұмыстар толық көлемде аяқталды, 25 жұмыстар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады. Осы мақсаттарға Үкімет резервінен 2,6 млрд. теңге бөлінді.

Коммуналдық инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша барлығы 37 елді мекен зардап шекті. 1073 тірек, оның ішінде 136 жоғары вольтты тіректер қирады. Барлық елді мекендерде электрмен жабдықтау жаңартылды.

Үкімет резервінен облысты электрмен жабдықтауды қалпына келтіруге 1,4 млрд. теңге бөлінді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here