Атырауда «ZHAS ULAN CUP» облыстық пікірсайыс турнирі өтті

0
496

Таяуда Атырауда мектеп оқушылары арасындағы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қоғамдық бірлестігінің 10 жылдығына арналған «ZHAS ULAN CUP» облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты – өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; өңірдегі пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау көрсету. Сонымен қатар, білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау мен жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту болып табылады.

Бұл сайысқа қала және аудан мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысып, пікірсайыстың американдық парламенттік форматына сәйкес жүргізілді. Топтардың сөз сөйлеу реті мен қарарлардың ойнатылуы турнир жеребе тастау арқылы анықталды.

Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен және барлық қатысушы командалар алғыс хаттармен марапатталды. Турнирдің үздік қатысушылары «Үздік спикер», «Үздік оратор», «Ең мақсатты ойыншы», «Ең білімді ойыншы» қосымша номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды.

Руслан ХАМЗА, Атырау қаласы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here