ҚызПУ-дың 11 студенті Президенттік шәкіртақы иегері атанды

0
1160

Біздің білім алушылар үшін жағымды жаңалық! Университеттің 11 студенті Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысына ие болды. Президенттік стипендия биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап оқу үлгерімі «өте жақсы» және Университеттің қоғамдық жұмыстарында белсенділігімен ерекшеленген білім алушыларға тағайындалып отыр.

Шәкіртақы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кеңес мәжілісінің 30.07.2021 жылғы №10-1 хаттамасы негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 29 маусымдағы №309 бұйрығына сәйкес беріліп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысы иегерлерінің тізімі:

  • Балжан Бектұрғанова – «Кітапхана ісі» мамандығының 4 курс студенті;
  • Анель Руслан – «Кітапхана ісі» мамандығының 4 курс студенті;
  • Несібелі Күмісбек – «Кітапхана ісі» мамандығының 4 курс студенті;
  • Ақтоты Толықбаева – «Кітапхана ісі» мамандығының 4 курс студенті;
  • Мәдина Тайтөлеуова – «Кітапхана ісі» мамандығының 4 курс студенті;
  • Роза Әбілқасым – «Кітапхана ісі» мамандығының 4 курс студенті;
  • Зәуре Бекенова – «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 4 курс студенті;
  • Аружан Құрманжан – «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 4 курс студенті;
  • Рената Альшимбаева – «Хореография» мамандығының 4 курс студенті;
  • Лобархан Насирова – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4 курс студенті;
  • Екатерина Горбуличева – «Химия» мамандығының 4 курс студенті.

Құттықтаймыз!

Біз алдағы уақытта Президенттік стипендия иегерлері туралы толығырақ ақпараттар сериясын жариялайтын боламыз.

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here