Ақсуда сұранысқа ие мамандарды даярлау бойынша құзыреттілік орталығы ашылды

0
705

Ақсу қаласында 30 жылдық мерейтойында сұранысқа ие мамандарды даярлау бойынша құзыреттілік орталығы ашылды.

«Жас маман» жобасы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне қолдау көрсетеді. Жоба шеңберінде облыстың 10 колледжі заманауи жабдықтармен жарақтандырылады. Соның ішінде Ақсу қаласындағы Жаяу Мұса атындағы жоғары көпсалалы колледжі бар.

Павлодар облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, құзыреттілік орталығының ашылуы жұмыс салаларының неғұрлым сұранысқа ие және перспективалы мамандарды даярлау жөніндегі міндеттерді шешудің оң факторы болды. Заманауи жабдықтар мен озық технологиялардың арқасында Жаяу Мұса атындағы колледж студенттері ұлттық стандарттар деңгейінде оқи алады.

«Электромонтаждау жұмыстары» құзіреттілік орталығының ашылу салтанатына Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаев, білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Баширова, Ақсу қаласының ардагерлер қоғамының төрағасы Залмұхан Арынов және «Еуразиялық энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамының электр станциясының директоры Владимир Фенев қатысты.

– Білім басқармасының қолдауымен орталықта технологиялық үдерістерді басқару жүйесін автоматтандыру жиынтығы, «Электромонтаж» оқу-зертханалық жабдығы, «ақылды үй» стендтер жиынтығы, «автоматты басқару жүйесі» оқу жабдығының үлгілік жинағы, тепловизор және басқалар орнатылды, – делінген баспасөз хабарламасында.
Халықаралық стандарттарды жаңғырту және енгізу нәтижесінде колледж электр монтаждау жұмыстарын, оның ішінде WorldSkills қатысушыларын дайындау бойынша құзыреттердің салалық орталығына айналады.

«Жас маман» жобасы бойынша сатып алынатын заманауи өндірістік жабдықтар мен академиялық еркіндік колледж жұмысында кең мүмкіндіктерге жол ашады. Еңбек нарығының сұранысын ескере отырып, кәсіби стандарттарға негізделген бағдарламалардың талаптарымен жұмыс істеу барысында алатын студенттердің кәсіби біліктері мен дағдылары сапалы дайындалған кадрларды шығаруға мүмкіндік береді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here