Бейнеу ауданының мәдени күндері аясында ұлттық садақ ату ойыны өткізілді

0
332

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында облыс орталығында өткізіліп жатқан Бейнеу ауданының мәдени күндері аясында байырғы қазақтың мергендік ойыны садақ атудан Ақтау және Бейнеу командаларының жолдастық кездесуі өтті. Арнайы алаңда ұйымдастырылған жарыс көнеден келе жатқан дәстүрлі ойынды қайта жаңғырту және өңірдегі садақ ату ойынын жетілдіруге бағытталды.

Ақтау және Бейнеу командалары арасындағы жарыс тартысты, ептіліктері мен дәлдіктері шыңдалды. Жарысқа қатысқан спортшылар ұйымдастырушылар атынан арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here