Биылғы жылы Қазақстанның алты қаласына, соның ішінде курорттық бағыттар бойынша субсидияланған рейстерді орындайтын әуе компаниялары анықталды. Содан тасымалдаушылар болып SCAT, Qazaq Air және «Оңтүстік аспаны» авиакомпаниялары тағайындалды. Әуе билеттерінің құны 9 бен 25 мың теңге аралығында болады.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2022 жылы республикалық бюджеттен субсидияланатын 23 әуе бағыты бойынша конкурс өткізілді, оның ішінде Түркістан қаласына 10 әуе бағыты, Көкшетау және Петропавл қалаларына 3 әуе бағыты, Балқаш, Үржар және Үшарал қалаларына екі әуе бағыты кіреді.
Субсидияланатын әуе бағыттар коммерциялық пайдалану үшін кіріс деңгейін қамтамасыз етпейді, оның орнына өңірді дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар әуе бағыттарына тұрақты ұшуларды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
2022 жылы республикалық бюджеттен субсидияланатын бағыттар |
||||
№ | Бағыттар | Әуе компания | Аптасына бағыт саны | Билет құны, теңге |
01 | Нұр-Сұлтан – Балқаш | Оңтүстік аспаны | 7-10 | 9 000 |
02 | Нұр-Сұлтан – Үржар | Оңтүстік аспаны | 7-10 | 16 000 |
03 | Алматы – Балқаш | Оңтүстік аспаны | 7-10 | 14 000 |
04 | Алматы – Үржар | Оңтүстік аспаны | 7-10 | 14 000 |
05 | Нұр-Сұлтан – Үшарал | SCAT | 7-14 | 16 000 |
06 | Алматы – Үшарал | SCAT | 7-14 | 15 000 |
07 | Алматы – Көкшетау | SCAT | 2 | 25 000 |
08 | Нұр-Сұлтан – Петропавл | SCAT | 3 | 10 000 |
09 | Алматы – Петропавл | Qazaq Air | 2-3 | 25 000 |
10 | Алматы – Жезқазған | Qazaq Air | 3-4 | 20 000 |
11 | Өскемен – Қарағанды | Оңтүстік аспаны | 3 | 22 000 |
12 | Қарағанды – Қызылорда | Оңтүстік аспаны | 2 | 18 000 |
13 | Көкшетау – Ақтау | SCAT | 2 | 25 000 |
14 | Түркістан – Ақтау | SCAT | 3 | 25 000 |
15 | Түркістан – Ақтөбе | Qazaq Air | 3-4 | 20 000 |
16 | Түркістан – Қарағанды | SCAT | 3 | 18 000 |
17 | Түркістан – Өскемен | Qazaq Air | 3 | 25 000 |
18 | Түркістан – Орал | Qazaq Air | 3 | 25 000 |
19 | Түркістан – Қостанай | Qazaq Air | 3 | 20 000 |
20 | Түркістан – Павлодар | Qazaq Air | 3 | 25 000 |
21 | Түркістан – Петропавл | Qazaq Air | 3 | 20 000 |
22 | Түркістан – Көкшетау | SCAT | 2 | 20 000 |
23 | Түркістан – Талдықорған | Qazaq Air | 3 | 16 000 |