«Көк» мәртебесі бар адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарына, пошталарға, базарларға бара алады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
«Көк» мәртебесі барлар қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автовокзалдарға, ХҚКО-ларға, «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріне, банктерге, қоғамдық тамақтану объектілеріне, жабық базарларға, білім беру орталықтарына, СПА-орталықтарға, сұлулық салондарына, облысаралық, облысішілік, қалалық тасымалдарға шектеусіз кіруге жол беріледі», – деді Ажар Ғиният сейсенбі күні Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, барлық аймақта барлық нысанға жұмыс уақыты бойынша шектеулер алынып тасталды.