ҚР Президенті: «Екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспеймін»

0
998

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Заңды, Конституцияны өзгертпеуге уәде беріп, елді Конституцияға сәйкес екі мерзімнен артық басқармайтынын жеткізді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Қоғамның саяси трансформациясымен де, экономикалық қайта құрулармен де бір мезгілде айналысу керек. Бұл – менің миссиям. Қалай болғанда да, мен қанша уақыт Қазақстан Президенті болатынымды білмеймін. Бірақ, Конституцияға сәйкес, екі мерзімнен артық болмайтынымды нақты білемін. Заңдарды, әсіресе, Конституцияны өзгертпеймін», – деп уәде берді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here