Францияда екпе алмағандарға емді ақылы ету ұсынылды

0
801

Францияда коронавирусқа қарсы вакцина алмаған тұрғындарға медициналық көмекті ақылы ету ұсынылды. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Тelegram-каналында жазылды.

Францияда дәрігерлер екпе алмаған тұрғындар үшін COVID-19 емін ақылы етуді ұсынды. Өйткені, елдің денсаулық сақтау шығындары үнемі өсіп келеді. Орташа алғанда, бір науқасты реанимацияда емдеу Француз билігіне 3 340 долларға (1,45 млн теңге) шығады.

Австралия вакцинаның бустерлік дозасын алуға құқығы бар азаматтардың тізімін кеңейтті. Енді ревакцинация 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін қолжетімді болды. Билік бұл шешімді елде коронавирустан болатын өлім көрсеткішінің өсуіне байланысты қабылдады.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін 68 млн халқы бар Францияда 18,4 млн адам, 25,6 млн тұрғыны бар Австралияда 2,5 млн адам коронавирусты жұқтырса, алғашқысында 51,3 млн адам немесе халқының 76,2 пайызы, соңғысында 20,2 млн адам немесе халқының 78,6 пайызы екпенің толық дозасын алған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here