Тұрғын үй кешендерінің орнына әлеуметтік нысандар салынады

0
972

Астанада нүктелік құрылысқа қарсы күрес жүріп жатыр. 20-ға жуық учаскеде көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің орнына әлеуметтік нысандар пайда болады. Бұл мектептер, емханалар, қоғамдық кеңістіктер (гүлзарлар, желекжолдар, аулалар), балабақшалар. Мұндай ақпаратты Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«Қалада осындай 22 нысан бар. Барлық нысаннан хабарымыз бар. Олар бойынша көрші үйлердің тұрғындарының бастамашыл топтарымен және құрылыс салушылардың өкілдерімен белсенді жұмыс істейміз. Қазір екі нысанның ісі сотта, қалғандары бойынша шешім бар. Учаскелер тұрғындардың пікірін ескере отырып, әлеуметтік нысандарды салу үшін пайдаланылатын болады. Мысалы, Есіл өзенінің жағасында, Косыгин көшесінің ауданында Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізілді, көппәтерлі тұрғын үй кешендері гүлзарға ауыстырылды, «Copenhagen» ТК ауданында көппәтерлі тұрғын үй кешені алаңға ауыстырылды. «Nova city» ТК ауданында көппәтерлі тұрғын үй кешені білім беру орталығына, «Қалалық романс» ТК ауданында мектепке жаңа ғимаратқа, балабақша мен скверге және т.б. ауыстырылды», – деді Жеңіс Қасымбек.

Астана әкімі биыл қаңтар айынан бастап инженерлік желілерсіз және бас жоспарсыз құрылысқа рұқсат берілмейтінін атап өтті. Сонымен қатар, егер қандай да бір құрылыс компаниясы құрылысты техникалық шарттардың толық пакетінсіз жалғастырса, құрылыс учаскелеріндегі жұмыс толығымен тоқтатылады және компания жосықсыз компаниялардың «қара» тізіміне енгізіледі.

Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here