Биыл Рамазан айы 2 сәуірден басталады

0
872

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМБД) бекіткен діни күндер кестесіне сәйкес, Ораза 3 сәуірде басталып, 31 күнге созылуы тиіс еді. Бірақ, ҚМДБ Баспасөз хатшысының хабарлауынша, басқарма Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, Рамазан айы 2 сәуірден басталады деген ортақ шешімге келген.

Сонымен, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күнге созылады. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

«Наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірден басталатынын, Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, осындай ортақ шешім қабылданғанын атап өтті», – деп жазды ҚМДБ Баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.

Айта кетейік, биыл пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал, ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here