Биыл елімізде кімдердің жалақысы артады?

0
712

Мәжіліс отырысында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов халық табысын арттыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын шараларға тоқталды. Ералы Лұқпанұлының сөзінше, пандемия, жаһандық экономикалық дағдарыс халықтың кірісінің төмендеуіне әсер етті.

Бюджет саласы және квазимемлекеттік сектордың 1 млн-нан аса қызметкерінің, сондай-ақ мемлекеттен қолдау алатын бизнестің 2,8 млн жұмысшысының жалақысын көтеру жоспарланып отыр.

Экономиканың барлық салаларында жаңадан ашылатын 2 млн жұмыс орындарының табысы арттырылмақ. Оның ішінде бұрын сырттан әкелінген, өндірісте сұранысқа ие тауарлардың 19 түрі бойынша жаңа кәсіпорындар құру. Фармацевтика, биотехнология, IT-технология және мұнай-химия саласында шикізаты жоғары – 5 және 6-шы деңгейде өңдеуге негізделген өңдеуші өнеркәсіпті дамыту арқылы іске асырылады.

Ірі кәсіпорындар айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құру арқылы кәсіпкерліктен түсетін табысты арттыру көзделген.

«Бақытты отбасы» сияқты жобалар арқылы көп балалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарға жыл сайын 20 мың жұмыс орындарын құру ескерілген. Мұнымен қоса, «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны» жобалары және (400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде) гранттар беру арқылы 160 мың жас жұмысқа тартылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here