Референдумға 11,7 млн қазақстандық қатысады

0
1078

Қазақстанда 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Бұл туралы елордада Орталық референдум комиссиясының отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті.

«Бүгін біз республикалық референдумды әзірлеудің маңызды мәселелерін қарастырдық. Осылайша, референдумды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі науқан жаңа кезеңге аяқ басты. Учаскелік референдум комиссиялары жұмысқа толығымен кірісті. Тыңдалған есептерге сүйенсек, нақты жұмыстар жүргізілді. Жалпы, 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне тоқталсақ, 15 мамырдағы ақпарат бойынша бұл тізімде 11 млн 722 мың 536 адам енгізілген. Жергілікті атқарушы органдар учаскелердің дауыс беру күніне дайындық мәселелерін бақылауда ұстауы қажет. Мүгедектігі бар адамдар үшін барлық жағдайды қамтамасыз ету бағытында қажетті іс-шараларды жүзеге асыруға назарларыңызды аударамын. Осы орайда оларға ыңғайлы болуы үшін инвотакси тарту мәселелері және басқа да қадамдар қосымша пысықталсын», – деп нақтылады Нұрлан Әбдіров.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here