Референдум барысын қадағалауға 39 халықаралық байқаушы аккредиттелді

0
753

Орталық референдум комиссиясы «5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады. Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша аккредиттеуге 3 халықаралық ұйымнан және 5 шет мемлекеттен 39 байқаушы ұсынылды.

Оның ішінде:
• байқаушы – ТМД байқаушылар миссиясының құрамынан;
• 5 байқаушы – Түркі мемлекеттері ұйымы байқаушылар миссиясынан;
• 17 байқаушы – ТМД ПАА-дан;
• 11 байқаушы – Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Молдова елдерінен.

Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отырады. Халықаралық байқау институтын Орталық референдум комиссиясы 6 мамырда ашты. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу 2022 жылғы 30 мамыр сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here