12 маусымнан бастап Алматы – Милан бағытында рейс қатынайды

0
790

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Италия Республикасына сапары шеңберінде Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Луиджи Ди Майомен келіссөздері өтті.

Келіссөздер барысында Алматы – Милан бағыты бойынша аптасына 2 рет жиілікпен тікелей әуе қатынасын ашудың маңыздылығы сөз болып, оның екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын дамытуға ықпал ететіні баса айтылды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Милан – Алматы – Милан бағытындағы тұрақты әуе рейстері алдағы 12 маусымнан басталады. Жолаушылар тасымалы әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері «Boeing 737» және «787» әуе кемелері арқылы жүзеге асырылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here