2023 жылдан бастап иттерге чип тағылып, есепке алынады

0
729

Ақтөбеде құтырған иттерді аулауға 41 млн теңге бөлінді. Бұл туралы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаған өңір басшысы Оңдасын Оразалин мәлім етті.

«Құтырған иттерді аулауға 41 миллион теңге бөлінді. Қажет болған жағдайда қосымша қаржы қарастыруға дайынбыз. Құтырған иттерді бағу, емдеу мәселесі тағы бар. Оған да тиісті қаражат бөлу керек. Иттерді күтетін 2 орын бар. Олар «Ника» және ветеринариялық станция маңында орналасқан орындар. Осындай жерлердің санын арттыру көзделіп отыр», – деді облыс әкімі.

Оңдасын Оразалинның мәліметінше, келер жылдан бастап иттерге чип тағылып, есепке алынады. Былтыр Ақтөбеде тиісті орган 17 500-ден астам иттің көзін жойған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here