Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің (Канело) үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бұл туралы жекпе-жекті ұйымдастырып жатқан британдық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ресми түрде хабарлады.
Трилогияның ең арзан билеті 305 доллар тұрады, бұл шамамен 137 000 теңге.
Бірінші жекпе-жекте 27 млн долларға (бокс тарихындағы үшінші), ал екіншісінде 23 млн долларға билет сатылды.
Боксшылардың бұған дейінгі екі жекпе-жегі де T-Mobile Arena-да өтті. Төрешілердің шешімімен 2017 жылғы алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, бір жылдан кейін Альварес жеңіске жетті.