Бала күтіміне қатысты төлем 1,5 жасқа дейін ұзартылады

0
129

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби 1,5 жасқа толғанға дейін ұзартты.

Бүгінде балалы отбасыларды қолдаудың қолданыстағы моделі мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің 6 түрін қамтиды. Жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасында да осы қолдау шараларының барлығы толық сақталған. Дегенмен, балалы отбасының жекелеген санаттарын қолдаудың қолданыстағы шараларын күшейтуге бағытталған біраз жаңалықтар енгізіліп жатыр. Ең негізгісінің бірі – бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін 1,5 жасқа дейін ұлғайту. Аталған норма жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға да қолданылады. Бұл құқықты республика көлемінде 500 мыңға дейін ата-ана пайдаланатын болады.

Бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға үміткер әрбір ата-ана оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі неғұрлым көп болса, төлем мөлшері соғұрлым жоғары болатынын білуге тиіс. Төлем бүгінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жүргізілген табыстың 40%-ын құрайды. Ал, жұмыс істемейтін немесе бала туғанға дейінгі соңғы екі жылда 6 айдан кем жұмыс өтілі бар ата-аналар жәрдемақы мен төлемдерге тек мемлекеттік бюджеттен ғана үміткер бола алады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here