Үгіт-насихат науқаны 21 қазанда басталады

0
500

ҚР Президенттігіне кандидаттар сайлауға дейінгі үгіт-насихат жұмысын 21 қазанда бастайды. Аталған шара 28 күнге созылады.

«ҚР Президенті сайлауына қатысуға кандидаттарды ұсыну ертең басталып, 11 қазанға дейін жалғасады (19 күн). Сонымен қатар, 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында кандидаттың Конституция және Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін анықтау шарасы ұйымдастырылады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу жұмысы 21 қазан мен 18 қараша аралығында өтеді. Яғни, 28 күнге созылады. Үгіт жүргізу 18 қараша күні сағат 18:00-де тоқтатылады», – деп нақтылады Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Оның айтуынша, 19 қараша – сайлау алдындағы тыныштық күні.

«20 қараша дауыс беру күні, яғни сайлау. 21 қарашадан 27 қарашаға дейін сайлаудың алдын ала қорытындысын шығару жүргізіледі. 27 қараша нәтижелерді белгілеу және сайланған президентті тіркеу іске асады», – деп түйіндеді Константин Петров.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here