20 қарашада болатын ҚР Президенті сайлауы бюллетеньдерінде «Барлығына қарсымын» графасы болады. Яғни, сайлаушылар барлық кандидатқа қарсы дауыс бере алады.
«Барлығына қарсымын» графасы заңмен қарастырылған. Бюллетеньде ол графа болады. Егер азамат бірде-бір кандидатты таңдамаса, ол барлығына қарсы дауыс беруге құқылы», – деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының Константин Петров баспасөз мәслихатында.