Асқар Шәкіров Ханс Шоддермен кездесті

0
202

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Өкілі Ханс Шоддермен кездесті.

Тараптар келіссөз барысында Қазақстан мен БЖКБ арасындағы босқындардың, пана іздеушілердің құқықтарын қорғау және азаматтығы жоқтықты одан әрі болдырмау жөніндегі ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін және келешектегі өзара іс-қимыл бағыттарын талқылады.

«Қазақстанда азаматтығы жоқ адамдар санын азайту, босқындарды қорғау және гуманитарлық көмек көрсету жөнінде жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Біздің еліміз Босқындар мәселелері жөніндегі жаһандық форум аясында қабылдаған міндеттемелерді дәйекті түрде орындап келеді, ол БЖКБ басшылығы тарапынан басқа елдерге оң үлгі ретінде атап өтілді», – деп атап өтті сенатор А.Шәкіров.

Ханс Шоддер ынтымақтастықтың ағымдағы деңгейін жоғары бағалады және БҰҰ БЖКБ Қазақстан Республикасына жәрдемдесуді жалғастыра беруге дайын екенін білдірді. Ол азаматтығы жоқ адамдардың санын қысқарту жөніндегі еліміздің жетістіктерін атап өтіп, Қазақстан іс жүзінде осы саладағы халықаралық-құқықтық ережелер талаптарының 90%-ын іске асырып келе жатқанын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен БҰҰ БЖКБ босқындардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Кездесуге Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков та қатысты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here