Кәдімгі анемия және оның баладағы моторика мен сөйлеу қабілеті дамуының кешігуі

0
1461

Темір тапшылығы бүкіл әлемде ең көп таралған микроэлемент тапшылығы болып табылады. Және бұл нәрестелер, балалар, анемия бола алатын қауіп факторларына кіреді. Себебі, балалар организмі балиғат жасына дейін де, кейін де өзгеріс үстінде.

Жүріп жатқан гормоналды өзгерістер, өсу процесі, тістің шығуы іспеттес  құбылыстар бала ағзасы үшін стрес. Аурулармен қатар жүретін ағзадағы инфекциямен күресі үшін денедегі барлық энергияны, пайдалы элементтерді метоболизм кезінде пайдаланылады. Яғни, бала сау болса да, ауырып қалса да дефициттік фактор тобына кіреді. Сол себепті баланың ағзасы қалыпты флораға – ересек флораға жеткенше әрдайым жеткіліксіздікке душар болады, сол үшін дефицит заттарды толықтырып отыру керек.

Әрбір адамның өмірі еркін қимыл қозғалыс пен еркін сөйлеу қабілетінің арқасында ғана жануарлардан ерекше. Ал, сол ақыл мен ой-мидың жақсы жұмыс істеуінің арқасы екені бәріне белгілі. Бірақ, егер миға қан айналым жүйесімен жеткілікті түрде қорек бармаса, мидың тіршілігі жойылады да, ми өз функциясын толыққанды атқара алмайды.

Анемия гемоглобиннің түсуі болса, гемоглобин – миға қажетті оттегіні тіндерге жеткізеді, олардан көмірқышқыл газын алып, өкпеге қайтарады. Оттегі дене тіндеріне жетпей қалғандықтан балада гипоксия клиникасы көрініс береді. Осы жерден баланың психо-моторлы дамуы тоқтап қалады. Сол себепті ата-ана баланы жоспарлар сәтте, ең бірінші өз ағзаларындағы дефицитті толықтырудан бастауы керек. Ол этаптан өткеннен кейін, аяғы ауыр ана өз денсаулығына қатты қарап, тіпті баласы үшін өзіне жаны ашып эгоны қосып, өз комфортын бірінші орынға қою ұят емес. Бала дүниеге келген соң 1,5 жасқа дейін мүмкіндігінше емізген жақсы. Емізулі бала анадан келетін иммунитетпен түрлі инфекциялардан қорғалатындықтан нерв жүйесі ауыртпашылық өткізбейді. Емізгеннің өзінде, ана дұрыс тамақтанып ағзаға дефицит тудырмауы керек. Өйткені, ондай емізу – бала үшін берекетсіз емізу.

Қандайда бір жағдайға байланысты, бала жасанды тамақтануда болса, сол тамақтануда жеткіліксіз болатын қажетті микро және макро элементтерді қосымша беріп, баланың өсуіне көмектесу қажет. Динамикада қандағы көрсеткіштерін тексеріп отырса тіптен жақсы. Бұның барлығын тексерістен өткен яки өтпегені белгісіз I Herb сынды маркетплейстардан,  әлеуметтік желілердегі блогерлердің ұсынған препараттардан емес, Қазақстан Республикасының Ұлттық реестрінде тексеріліп қабылданған препараттан қолдану керек.

Ең бастысы, кез келген препаратты балаға берерде, дәрігердің кеңесімен, рұқсатымен алынуы керек. Сол сәтте дәрігер дозасын балаға сай тағайындайтындықтан, шамадан тыс көбейтіп жіберуден сақтанасыз.

Әрине, бұл баланың ішкі метоболизмінің бұзылысы яки жеткіліксіздіктің себебінен бола алатын эндогенді моторлы дамудың тоқтауы. Ал, балалардағы психомоторлы сөйлеу дамуының тежелуінің экзогенді себебі – ұялы телефон және ата-ананың назары жоқтығы. Қазіргі тілмен айтқанда, баладағы анемия салдарынан миға жетпеген оттегінің жеткіліксіздігі, ата-анамен байланыстың жоқтығы және ұялы телефон психомоторлы сөйлеу дамуындағы тежелуінің салдары.

Біріншіден, баланың құзырынан телефонды сұраса да бермей, алдап бермеуі салдарынан бала жанжал шығарып жылайды. Ол манипуляцияға бір жұмадай көңіл аудармай көңілін басқа заттармен ауласа, баланың жақсы дамуы үшін ең дұрыс алғашқы қадамыңыз болмақ. Бала үшін «телефонда қандай мультфильм яки программа қоссам» деп емес, «қандай паркке апарсам екен» деп, фокусты өзгертсеңіз, балаңыздың моторлы дамуы үшін өз-өзіңізге алғыс айтасыз.

Екіншіден, баламен жиі сөйлесіңіз, әңгіме айтыңыз көзбен контакт ұстаңыз. Бұл кезеңде «ути-пути, вум-вум» деп емес, кәдімгі заттың атын толық, әріптерді жемей сөйлесу керек. Балаңыздың болашағы психомоторлы мықты дамуы әуелі ішкі ағзадағы оттегінің миға жеткілікті түрде келіп анемияның болмауы, одан кейін ата-ананың баламен жасайтын жұмысы.

Айдана АЙБЫНҚЫЗЫ,
Астана Медицина университетінің 5-курс студенті,
Айнұр ҚАРАТАЙҚЫЗЫ,
жетекшісі медицина ғылымының кандидаты, Астана Медицина университетінің «кардиоревматология курсымен балалар ауруы» кафедрасының доценті, дәрігер педиатр-невропатолог

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here