ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауға 330 байқаушы жібереді

0
676

18 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Уршула Гацекпен кездесті. Кездесуге ОСК аппаратының мүшелері мен қызметкерлері, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының өкілдері қатысты.

Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясына Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын байқау үшін 30 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді байқаушылардан тұратын делегацияны жіберу туралы шешім қабылдағаны үшін алғысын білдірді.

ОСК төрағасы миссия мүшелерін сайлау науқанының негізгі кезеңінің ерекшелігімен, президенттікке кандидаттарды ұсыну қорытындысымен таныстырып, қазіргі уақытта кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталып жатқанын,  сайлау процесіне қатысушыларды оқыту және мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету мәселесіне көп көңіл бөлінетінін айтты.

Нұрлан Мәжитұлының сөзіне сенсек, жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында ҚР ОСК жанынан «Жас сайлаушылар клубы» құрылған.

Кездесу аясында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының мүшелері Орталық сайлау комиссиясының мүшелеріне өз сұрақтарын қойды.

«Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын заңнамаға сәйкес қатаң жүргізуді қамтамасыз етеді және адал, әділ бәсекелестік үшін барлық жағдай жасайды», – деді Нұрлан Әбдіров.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here